Оқудан бос уақытында Оқида еріктілікпен айналысады, кітап оқиды, шет тілдерін меңгереді. Қазіргі уақытта түрік тілін тереңдетіп оқып, белсенді түрде іс жүзінде қолданып отыр. Сонымен қатар, болашақ педагог тоғызқұмалақ және үстел теннисін ойнайды.
Грантқа ие болып, халықаралық университетке түскен студент байқау, олимпиада және конференцияларға белсене қатысып, жоғары жетістіктерге жетуде. Оның пікірінше, ғылыми жұмыстармен айналысу қоршаған ортаға өзгеріс енгізуге, өзін дамытуға және қоғамға пайдалы болуға мүмкіндік береді.
— Стипендия туралы мен кураторымнан білдім. Оның иесі болуды қатты армандадым. Шәкіртақы зерттеу жұмысын жалғастыруға жаңа мүмкіндіктер ашып, өзін-өзі дамыту мен өсуге ынталандырады, — дейді Оқида Таймуратова.
Стипендиат кез келген істің сәтті болуы үшін өзіңе сену және көп еңбектену маңызды екенін атап өтті.
— Нәтиже болмайды, ештеңе шықпайды деп ойламаңыз. Барлық мүмкіндікті пайдалану үшін қарапайым істен, кішкентай қадамдардан бастау керек, — дейді Оқида.