Қордай бекетінде заңсыз әкелінген 1000 кг үйрек еті мен 32 кг уылдырық анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордай бекетінде заңсыз әкелінген 1000 кг үйрек еті мен 32 кг уылдырық анықталды

Қордай бекетінде заңсыз әкелінген 1000 кг үйрек еті мен 32 кг уылдырық анықталды

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Қордай» ветеринарлық бақылау бекетінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы жануар өнімдерін заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтады

  • 1 Желтоқсан
  • 6
ФОТО: АШМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Алғашқы оқиға Қырғызстаннан 1000 кг құс етін (үйрек етін) елге әкелуге байланысты. Жүк көлігін тексеру барысында өнімнің арнайы белгісінің жоқтығы, көліктің ветеринарлық талаптарға сай келмейтіндігі және құжаттарда дұрыс ақпарат болмағандығы анықталды, — делінген хабарламада.

Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

— Одан кейін Қырғызстан азаматының қол жүгі тексеріліп, онда 32 кг (162 банка) уылдырықтың құжатының жоқтығы анықталды, — делінген АШМ хабарламасында.

Бұл өнім де кері қайтарылып, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ‎

Перейти к новостям спорта