Қордың стипендиаты Аружан Маратова: Арманыңызға сеніңіз! - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордың стипендиаты Аружан Маратова: Арманыңызға сеніңіз!

Қордың стипендиаты Аружан Маратова: Арманыңызға сеніңіз!

Аружан Маратова М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде 3-курста «Халық көркем шығармашылығы – көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша оқиды. Бойжеткен хореографиямен бірге фотографиямен, бейнемонтажбен айналысып, саяхаттап, әлемді танып біледі.

  • 24 Маусым
  • 6
ФОТО:fnn.kz

— Кішкентай кезімнен билеймін, биді ұнатамын. Өз ісімді жақсы көремін, әрі қарай дамуды және жетілдіруді жалғастыруға ниеттімін, — дейді Аружан Маратова.

Стипендиаттың жан-жақты екенін жетістігінен білуге болады. Атап айтсақ, «Сен жұлдызсың» халықаралық байқау-фестивалі, WorldSkills Shygys-2021 аймақтық чемпионаты, «Мен тұратын қала!», «Ең үздік бейнеролик – 2022» номинациясы бойынша бейне монтаждау бойынша байқау, «Стань Звездой» халықаралық байқау фестивалі, «Талант-Шоу Круче всех» халықаралық байқау фестивалі, «Если ты образован, наблюдай» интеллектуалды байқауы және т.б.

— Қор туралы алғаш рет оқу орнымнан естідім. Үздік оқуға тырысатындықтан және әрдайым түрлі байқауға қатысатындықтан, оқытушылар осы байқауға қатысуды, мүмкіндігімді сынауды ұсынды. Мен үшін стипендиябұл үлкен мотивация және қаржылай қолдау, — дейді Аружан.

«Ең бастысы, өзіңе деген сенім мен мақсатқа жетуге деген батылдық. Әрқашан адал болу, өскелең ұрпаққа үлгі болу маңызды! Арманыңызға сеніңіз!», — деді ол жастарға қарата.