Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі таныстық мақсатымен Қарағанды облысына келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі таныстық мақсатымен Қарағанды облысына келді

Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі таныстық мақсатымен Қарағанды облысына келді

Бүгін, 19-сәуірде Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тэ Сок Вон таныстық мақсатындағы іссапармен Қарағанды облысына келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Корея елшісінің Қарағанды облысына іссапары облыс әкімі Камалтин Мұхамеджановпен кездесуден басталды. Елші облыс басшылығын Қарағандының 70 жылдық мерейтойымен және наурыз мерекесімен құттықтады.

Елші өзінің жергілікті ахуалмен танысу және өзара тиімді болашақ ынтымақтастық перспективаларын айқындау үшін облысқа келгенін атап өтті. «Корея өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын және келешегі бар жобаларға инвестиция жұмсауға мүдделі»,- деді ол.
Бүгін елші «Испат-Кармет» ААҚ-да болып, Қарағандыдағы корей диаспорасы өкілдерімен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар