Корея Республикасының қорғаныс министрі елімізге келмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Корея Республикасының қорғаныс министрі елімізге келмекші

Корея Республикасының қорғаныс министрі елімізге келмекші

Корея Республикасының қорғаныс министрі Юн Гван Ун жұмыс сапарымен елімізге келмекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінен хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, Юн Гван Ун Қазақстандық әріптесі Мұхтар Алтынбаевтың шақыруымен 18-20-сәуірде елімізге ат басын тірейді. Екі мемлекеттің қорғаныс мекемелері жетекшілерінің кездесуі Астанада өтеді.

Ресейлік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында Юн Гван Ун Қазақстанды Корея Хылық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы диалогты дамытуға түрткі болуды сұрамақшы-мыс. Сонымен бірге қорғаныс саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту және екі елдің әскерилері арасындағы байланысты бекіту жолдары сараланады. Мәселен, Корея Республикасы Қазақстанға Каспий теңізінде әскери-теңіз күштерін құруға қолғабыс көрсете алады.
20-сәуір күні түстен кейін Юн Гван Ун Мәскеуге аттанады.

Перейти к новостям спорта