Кореяда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кореяда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Кореяда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды

Бүгін Кореяның Пхентхэк қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталды.

  • 24 Сәуiр 2012
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Құрлықтық сынның алғашқы алтыны қытайлықтардың қоржынында. Ал өзбектер күміс пен қолаға қол созды», — деп жазады Аlaman.kz сайты.

Қытай қызы Ендженг Янг екі жаттығу қорытындысы бойынша 200 келіні (92+108) бағындырды. Күміспен күптелген өзбекстандық Марина Сисоева 178 келіні (75+103) көтерді. Қола жүлдегер тағы бір өзбек — Махилио Тогоева — 177 келіні (76+101) басынан асырды.

Бұл салмақта бақ сынаған қазақстандық Галина Мамотова (В тобы) 167 келіні (75+92) көтеріп, 7-орынды місе тұтты.

Осы тұста айта кетейік, Париждегі әлемдік сынның күміс жүлдегері тай қызы Панида Кхамсри жұлқа көтеруде 84 келіні бағындыра алмай, жарысты ерте аяқтады.