Кореяда емделіп жатқан Сәбит Әбдіхалықов театр басшылығынан кете ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кореяда емделіп жатқан Сәбит Әбдіхалықов театр басшылығынан кете ме?

Кореяда емделіп жатқан Сәбит Әбдіхалықов театр басшылығынан кете ме?

Әуезов театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов қызметінен кете ме?

  • 19 Ақпан 2020
  • 4067
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов өз міндетін дұрыс атқармаған. Оның басшылыққа келгеніне бір жыл болған.

Театрда 300-ге жуық қызметкер болса, оның 80-ге жуығы актерлар. 

Актерлар екіге бөлініп, дау ұлғая түсті. Бірі даттаса, екінші тарап жақтады. 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов: 

— Сәбиттің тағдырына, өміріне ара түспекпін. Себебі, жұмыс істеген адамды алып тастау дұрыс емес. Бір жылдың ішінде абырой жинаған азамат. Театр қарызға батқан болатын. Бір жыл ішінде сол қарызды жапты. Біраз уақыттан бері жұмыс жасамай тұрған лифттерді бірден іске қостыртты. Біздегі актерлар премия дегенді ұмытқан болатын. Сол премияны жылдың аяғында екі рет берді. 

Актер Берік Айтжанов
:

— Әзіл-ысқақ әлемінің адамы Қазақстандағы алғашқы театрын басқарып отыр. Бұның өзі сұмдық қой. Қалай шыдап отырсыздар. 

ҚР Мәдениет және Спрот министрі Ақтоты Райымқұлова:

Күздің күні есепші комитеті келгенде, осы театрдың әкімшілігіне жасамаған жұмыстары үшін штраф та салды. Сәбиттің өзі келіп, электронды пошта арқылы жұмыстан босатыңыз деп хат жазды. Сосын өзі бюллетенге шығып кетті. Сондықтан, күні бүгінде ол бюллетенде. Сол себепті, оның жұмысқа шығуын күтеміз. Осындай халге келтіріп, бұл ұжымда жақсы жұмыс жасалмай жатқан сияқты, деп сөзін түйіндеді. 

 

Соңғы жаңалықтар