Бұл туралы ҚазАқпарат Phys.org порталына сілтеме жасап хабарлады.
Ғалымдардың айтуынша, роботта механикалық бөлшектердің болмауы оны кез келген ортада, мәселен су астында немесе Айдың бетінде пайдалануға мүмкіндік береді.
DeployBot екі жолмен қозғалады: құрт тәрізді иректеліп немесе төртаяқты робот сияқты аяқтарының ұшы арқылы. Әзірге робот сағатына 2 метр қашықтықпен өте баяу қимылдайды, алайда ғалымдар роботтың келесі нұсқаларында бұл кемшілікті түзетуді жоспарлап отыр.