Кореялықтар IT-технология саласында бірқатар жобаларды Қазақстанмен бірігіп жүзеге асыруды ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кореялықтар IT-технология саласында бірқатар жобаларды Қазақстанмен бірігіп жүзеге асыруды ұсынып отыр

Кореялықтар IT-технология саласында бірқатар жобаларды Қазақстанмен бірігіп жүзеге асыруды ұсынып отыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Оңтүстік Кореядан келген делегацияны қабылдады.

  • 25 Мамыр 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Олардың қатарында BLUE COP SECURITY & SYSTEM компаниясының өкілі Джо Хан Бон (Jo Han Bong), Jipyung +2 International CO.,Ltd компаниясының өкілі Парк Янг Мим (Park Young Min) бар. Оңтүстік Кореядан келген қонақтар IT-технология саласында бірігіп жүзеге асырылатын жобаларды ұсынды.

«Қоғам дамыған сайын IT-технология да көпсалалы қызмет атқаруда. Күннен-күнге заманауи технологиялар қолданысқа енгізіліп, бірнеше функциялар атқаруда. Мәселен, «ақылды теледидар» қызметін атқаратын смартфондар дүниеге келуде. Сонымен қатар интерактивті тақтаны пайдалану, оқу үдерісін электронды оқыту жүйесі Кореяда жақсы дамыған. Ол өз кезегінде оқу үдерісіндегі уақытты үнемдеп, оқушы мен оқытушының пікір алмасып, ой бөлісуіне мүмкіндік береді. Бұл интерактивті тақта өз кезегінде бейнені 30-да 50 көлемде ұлғайтып көрсете алады. Электронды оқыту телеарна, компьютер, телефон байланысын қатар атқара алады. Бұл оқу үдерісінде өте маңызды. Сонымен бірге, он-лайн конференциялар, басқосулар ұйымдастыруда да уақыт тиімділігі мен үнемділікке жағдай жасайды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай электронды және интерактивті құрылғыларға сұраныс та артып отыр», — дейді Джо Хан Бон.

Технологиялық дамуды сөз еткен шетелдік қонақ, қажеттіліктерді ескере отырып бірнеше ұсыныстар айтты. Солардың бірегейі, ҚазҰУ-мен бірлесе отырып Электронды технологиялар құрастыру зауытын ашу. Егер алда келісімшарт жасалынып, өзара әріптестікті осы салаға бағыттайтын болсақ, жоғарыдағыдай технологиялық құрылғылардың соңғы үлгісі дүниеге келмек. Ол заманауи құрылғылар Қазақстанда және шетелде таратылып, тынысы кеңеймек. Оңтүстік Кореядан келген делегацияның ұсынысын оң қабылдаған ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов айтылған тілектерді жүйелеп, қолға алатындығын жеткізді. Отандық жетекші университет пен корейлік компаниялар арасындағы бүгінгі кездесу барысында айтылған жобалар негізінде келісімшарт жасалынып, жүзеге асатын болса, Қазақстанда Оңтүстік Кореямен бірлесіп Электронды технологияларды құрастыру зауыты бой көтермек. Бұл мекемеде IT-технологияның соңғы үлгілері жасалмақ.

Соңғы жаңалықтар