Кореяның Сеул қаласында өтетін брейк данстан әлем чемпионатына командалар іріктелді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кореяның Сеул қаласында өтетін брейк данстан әлем чемпионатына командалар іріктелді

Кореяның Сеул қаласында өтетін брейк данстан әлем чемпионатына командалар іріктелді

Ақтауда шілде айының 2-4 аралығында Кореяның Сеул қаласында өтетін брейк-данстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.

  • 24 Мамыр 2012
  • 469
Фото - Caravan.kz

Жарысқа Астана, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақтау және Тәжікстан командалары қатысты. Шеберлік пен шапшаң қимылды талап ететін жарысты тамашалауға көрермен көп жиналды.

Әр өңірден ең үздік командалар жиналған сайысқа канадалық Карл Алба, кореялық Ким Чунгку, украиналық Олександр Бабкин мен Антон Юдин, ресейлік Артем Алиев, Андрей Мороз және Сергей Курмел қазылық жасады.

«Мен өз өнерлерін көрсеткен қазақстандық жастарға таң қалып әрі риза болып отырмын. Дайындықтары тамаша, бірінен-бірі асып түседі. Аз ғана уақытқа болса да, осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа төрелік жасауға шақырылғаныма алғысым шексіз. Жарысқа қатысқан талантты жастар бұрын соңды мен көрмеген қимыл-қозғалыстарды көрсетіп жатты. Меніңше, олар әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап, жүлделі орыннан көріне алады. Маған, әсіресе, Астана мен Атырау командалары қатты ұнады», — дейді канадалық Карл Алба.

Ақтау қаласында өткен іріктеу кезеңіне Маңғыстау облыстық әкімдігі қолдау көрсетті.

Ерекше биімен көзге түсіп, көрерменнің қолдауына ие болған астаналық «Simple system» мен атыраулық «Super Sonic» командалары ақтық сынға өтті.

Нәтижесінде астаналық «Simple system» командасының мүшесі, брейк-данста би-бой Кило Коля болып өнер көрсетіп жүрген Николай Черников Кореяның Сеул қаласында брейк-данстан әлем чемпионатында өнер көрсетуге жолдама алды.

«Біз бұл жарысқа команда болып ұзақ дайындалдық. Үлкен еңбектің нәтижесінде жарысқа жолдама алып отырмыз. Еліміздің намысын қорғап өткен жылы Кореяда өнер көрсетіп, үшінші орыннан көрінген едік. Мен брейк-данспен 11 жылдан бері айналысамын. Бұл жолы жеке өнер көрсетуге жолдама алып отырмын. Бұл жерде өнер көрсеткен жігіттердің барлығы да мықты. Әрине, әлем чемпионатына жолдама алу — кез келгеннің арманы. Арманымның орындалғанына қатты қуандым. Дайындығымды шыңдап, ел намысын қолдан бермеуге жұмыстанамын. Жарыстың жанашыры әрі ұйымдастырушы республикалық «Break Dance» федерациясының жетекшісі Мария Гусейноваға алғыс айтамын. Біздің өнерімізді қолдап, қолдау көрсеткені үшін рақмет!» — дейді Николай Черников.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера