Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”ТАҒЫ ӨЛІМ
Тағы да әйел…
Бәріміз ұйықымыздан енді оянып жатқанда Ол өлім жайлы ойлады. Даланың суық екенін біледі, жылы киініп алды. Балконға шықты… далаға көз салды. Сондай тәтті, қым-қуыт тіршілік…бірақ оған өлу қажет!
Қай адам өзін ажалға қисын, секірмес бұрын өмірді қимай біраз отырды. 30-40 минуттай балконнан аяғын асып отырған әйелді бәрі байқады. Көргендер жаппай фото, видеоға түсірді. Бірақ, ешкім құтқару үшін еш нәрсе жасамады. Егер, бір адам көрген сәтте 102 не 911 хабарласқанда бір адамды құтқарып қалар еді?!
Куәгерлер жаппай “ол балконның ұшында ойланып ұзақ отырды” деп жауап берген
Бар-жоғы 46 жастағы әйел 8 қабаттан секіріп, сол жерде мерт болды.
Кім Ол, ішінде не бар? Не үшін ажалға басын тікті? Басқа жол жоқ па еді? Әлде, баяғы тиран күйеу не жоқшылық қажытты ма? Бәлкім, кредит, қарыз, казино? Адам келді, кетті…
Көкейде мың сауал… қандай көңілсіз күн еді”, — деп жазды журналист.