”Көрінген адаммен жататын шашылып жатқан арзан ұрығым жоқ”: Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.74
  • 569.17
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Көрінген адаммен жататын шашылып жатқан арзан ұрығым жоқ”: Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы айтты

”Көрінген адаммен жататын шашылып жатқан арзан ұрығым жоқ”: Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы айтты

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек тектілік туралы сөз қозғады.

  • 28 Сәуiр
  • 214
Фото - Caravan.kz

Психологияға бет бұрған ақын жастармен өткен кездесулердің бірінде сөйлеген сөзін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Видеодан Мұхамеджан Тазабектің Ресейдің Романовтар әулетінің тектілігін мысалға келтіріп жатқанын байқауға болады.

”Романов — мұсылман емес, неке оған шарт емес. Бірақ, сол Романов ойнас жасауды қолдамаймын деген. “Менің ата-бабам қан тазалығы үшін 300 жыл күресіп, кілең патшалардың, тектілердің қызын алған. Енді менің көрінген жерге төгіп кететін ұрығым, біреумен бөлісе салатын төсегім жоқ”, — дейді. Ойлашы, ол қажылыққа барып келген немесе намаз оқып жүрген адам емес. Ол — текті. Сол текті адам “көрінген жерде көрінген адаммен жатып кететін, шашылып жатқан арзан ұрығым жоқ”, — дейді. Ал тексіз адам төбет ит сияқты жүреді”, — дейді ол.

Айтыскер ақын осындай мазмұндағы мысалдарды өзінің жақында жарық көрген “Енді айтуға болады” деген жаңа кітабында жазған.

Ал желі қолданушыларының басым бөлігі Мұхмамеджан Тазабекті “тоқал мен төсек мәселесін көп қозғайды” деп сынауда.

”Осындай төсектің айналасынан басқа ғибратты әңгіме жоқ па”, “Тоқал мен төсектен аса алмай қалдық қой”, “Жастарға төсек емес, білім-ғылым туралы айту керек”, — деп жазды олар.