Көріпкел: Президент екі рет өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көріпкел: Президент екі рет өтеді

Көріпкел: Президент екі рет өтеді

Елімізде сайлау науқаны басталысымен нумеролог, астролог, экстрасенстердің жұмысы қыза түсті.

  • 12 Сәуiр 2019
  • 61
Фото - Caravan.kz

Мамандар  елді болашақта басқаратын президентке үміткерлердің туған күндеріне қарап, кімнің айы оңынан туып, кімнің бұл лауазымға қол жеткізетінін болжап жатыр.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға екі айдан аз уақыт күн қалды. Партия өкілдері саяси додаға қатысатын өз үміткерлеріне таңдау жасап жатқанда, келешекті болжайтын мамандардың да жұмысы қыза түскендей. Арқасы барлардың бірі ата-бабаларымен байланысқа түссе, өзгесі отпен түрлі жорамалдар жасауда. айтқандары әртүрлі болғанымен, бәрі бірауыздан бұл сайлау бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қызу-тартысқа толы болады дейді.

ВИКТОР АЛЕКСАНДРОВСКИЙ, ЭКСТРАСЕНС:
"Өз басым президенттіке үміткер ретінде тек 3 адамды көріп отырмын. Оның біреуінің суреті осында тұр. Ал қалған екеуі мұнда жоқ.    "

Қазірдің өзінде әлеуметтік желіде сайлауға түсуі мүмкін кандидаттардың аты-жөндері айтылуда. Әзірге болжамға сәйкес, Азат Перуашев, Әли Бектаев, Айқын Қоңыров, Жармақан Тұяқбаев секілді пария серкелері маңызды додада бақтарын сынап көреді. Ал, кейбір бақсы-балгерлер болса олардың сайлауға қатыса қалған күннің өзінде жеңіске жетуі екіталай дейді. Мәселен о дүниелік болған ата-бабасымен жиі байланысқа түсетін Тоқберген Байтасов бұл  үміткерлердің ешқайсысы дара шаппайтынын айтады.  Өйткені……

ТОҚБЕРГЕН БАЙТАСОВ, БАҚСЫ: "Сайлау үлкен дүрбелеңмен өтеді. Талас-тартыс болады және сайлау екі рет өтеді. Тылсым күштердің ескертуі бойынша екі-үш адамның мүмкіндігі бар. Бірақ оны біздер әзірге айта қоймаймыз. Өйткені,  әлі толық ешкім өзін ұсынып, жарысқа түсе қойған жоқ. Бірақ, бұлардың ішінде ел басқаруға лайық азаматтар бар. "

Кандидат боулы ықтимал деген жоғарыдағы азаматтардың туған жылдарын нумерологтарға көрсеттік. Мәселен, сенатор Әли Бектаевтың нумерологиясында 4,6 саны көп. "Ол еңбекқорлықтың белгісі" дейді мамандар. Дегенмен, сәттілікке жауап беретін, 7-8 сандары жоқ. Ол дегеніңіз….



ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ: 
"Бұл адамның кодында үкімет жұмысын жасайтын, шенеуніктің коды бар. Президент болады дегенге 100 пайыз айта алмаймын. Сандары орташа».

Ал, Азат Перуашев пен Айқын Қоңыровтың мемлекеттік қызметте емес бизнесте біраз жетістікке қол жеткізетіндерін айтады. Сондықтан да сайлауға түсуге әлі ертерек дейді. Дегенмен, алдағы дода егер қатыса қалған жаңдайда олар үшін сәтті болатын көрінеді. Танымалдылығы артады, тәжірибе жинайды. 

ҚҰРАЛАЙ БАҚЫТҚЫЗЫ, НУМЕРОЛОГ:
«47 жылғы… 23 қараша 47 жылы дүниеге келген. Бұл жыл бұл кісіге өте жақсы жыл. Жұмысын ауыстырады. Бұл кісі президент болғысы келсе оған сәтті. Сәттілікке жауап беретін сандары көп болып тұр». 

Осылайша, болашақты бұлжытпай болжайды деген адамдардың өзі алдағы сайлауда кімнің бабы мен бағы келісетінні дөп басып айта алмады. Дегенмен, 2019 жылдың 9 маусымы ырымдап таңдалған дата екенін айтады. Яғни, болжамшылардың пікірінше, жылдың екінші жартысында  елімізде  жаңа цикл басталмақ. Халықтың әл-әуқаты жақсарып, экономикалық, рухани жетістіктерге қол жеткіземіз. 

Соңғы жаңалықтар