Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасады - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасады - БАҚ

Коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасады - БАҚ

NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі) шенеуніктеріне арналған нұсқау құжатында коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады және Ұлыбритания халқының 80 пайызы вирус жұқтырады деген болжам жазылған.

  • 16 Наурыз 2020
  • 100
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Келесі 12 айда халықтың 80 пайызына дейін Covid-19 жұқтырып, 15 пайызға дейін (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады деген болжам бар", — деп жазылған табылған құжатта, оны The Guardian жариялады.

Ақпарат бойынша, құжат аурухана басшылары мен NHS аға дәрігерлеріне таратылған. Құжатты Англия азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарапшылар тобы жасаған.

Басылым өкілдері құжатты Англияның Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы тексергенін және растағанын айтады.

Ұлыбританияда вирус жұқтарғандар саны алдағы апталар мен айларда ұдайы өсіп отырады, ал мамырдың соңы мен маусымның ортасына дейін олардың саны шарықтау шегіне жетеді деп болжанды.

Еске салайық, 15 наурызда Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырғандардың саны 1372-ге дейін өскенін, ал қайтыс болғандардың саны 35 адамға жеткенін және 14 пациент ағзасынан COVID-19 анықталған соң қайтыс болғанын хабарлаған болатын.


Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок 70 жастан асқан британиялық қарт кісілердің барлығы төрт айға дейін оқшаулануы тиіс екенін растады. Сондай-ақ, бұл қадам алдағы аптада жарияланатынын айтты.