Коронавирус: Алматыда екі адамның жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Алматыда екі адамның жағдайы ауыр

Коронавирус: Алматыда екі адамның жағдайы ауыр

Бұл туралы  Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифингте айтты.

  • 2 Сәуiр 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелген. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті қоса алғанда, 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.

68 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі ауыр, 10 ересек адамның жағдайы орташа ауырлық деңгейінде. Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағадай  бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар,-деді ол. 


Сондай-ақ, ол барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылып, оқшаулауға орналастырылғанын жеткізді. 

Кеше Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды,-деді басқарма басшысы. 

Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы   619 адам бар, оның ішінде 81-і бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның 50-і бала екен. Үй карантинінде 3853 азамат бар.