Коронавирус індеті туралы ескертуге тырысқан дәрігер өлімінен кейін ақталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус індеті туралы ескертуге тырысқан дәрігер өлімінен кейін ақталды

Коронавирус індеті туралы ескертуге тырысқан дәрігер өлімінен кейін ақталды

Қытай билігі бәріне белгісіз аурудың басталуы туралы бірінші рет ескертуге тырысқан дәрігерге қарсы полицияның әрекеттері қате болғанын мойындады. Ли Вэньлян желтоқсанның аяғында әріптестеріне келе жатқан індет туралы жариялады, бірақ оның сөздеріне әріптестерінің ешқайсысы сенбесен.

  • 20 Наурыз 2020
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Біз қоғамдық қауіпсіздік органдарынан Ли Вэньлянға түскен ресми ескертуді алып тастауға және жауапты қызметкерлерді жауапқа тартуға шақырамыз. Сондай-ақ аудит нәтижелерін уақытында жария етіңіз", — делінген ҚХР мемлекеттік бақылау комитетінде жарияланған тергеу нәтижелерінде.

Вирусты алғашқы жұқтырған науқастар офтальмологқа жүгінгенде, ол білместен оларға пневмония диагнозын қойды. Алайда, ұқсас белгілері бар адамдардың саны көбейе бастаған кезде, дәрігер дабыл қағып, басқаларға бұл туралы айтуға тырысты. Бұл әрекеттері үшін полициядан ескерту алды. Сондай-ақ, дәрігерді жаңа ауру туралы қауесеттерді таратуды жалғастыра берсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп қорқытты. Енді билік қайтыс болған дәрігердің отбасынан кешірім сұрап, болған жайтқа байланысты байыпты сабақ алғандығын баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Ли Вэньляньда вирустың алғашқы белгілері 11 қаңтарда пайда болды және вируспен күрес туралы білімнің жеткіліксіздігіне байланысты ауру өте тез дами бастады. Коронавирусты іс жүзінде анықтаған дәрігер 6 ақпанда қайтыс болды.


Соңғы жаңалықтар