Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оның пікірінше, енгізілген карантин вирустың баяулауына әсер етеді.
"Осылайша, 27 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтандағы науқастардың күн сайынғы өсуі 5-ші сәуірде 60 жағдайдан нөлдік жағдайға дейін төмендеді, ал Алматыда күн сайынғы өсім 15-тен алты жағдайға дейін, республикада аурудың өсуі 10 пайызды құрайды.
Алайда, бірқатар аймақтарда — 20-дан 30 пайызға дейін — Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында өсім байқалады, бұл қосымша шектеу шараларын қабылдауды қажет етеді", — деді елдің бас санитарлық дәрігері.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 604-ке дейін өсті.