Коронавируспен күрес. Тағы да қаржы бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавируспен күрес. Тағы да қаржы бөлінеді

Коронавируспен күрес. Тағы да қаржы бөлінеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирус инфкциясын жұқтырған бір адамның емі қанша болатынын айтты.

  • 27 Шiлде 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "МӘМС жүйесінің коронавирус инфекциясымен күресудегі үлесі" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Коронавирустық инфекцияны диагностикалаумен, емдеумен және оның асқынуымен байланысты барлық шығындарды медициналық ұйымдарға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып тарифтер әзірледі. Соның негізінде коронавирустың жеңіл түрімен ауырған бір пациентті емдеу көлемі 292,6 мың теңге, орташа деңгейімен ауырғандар үшін — 446,1 мың теңге, ауыр түрімен ауырғандар үшін — 1,5 миллион теңге төленеді. Ал аса ауыр дәрежедегі науқасты (бір ғана пациент) емдеу көлемі 1,7 миллион теңгені құрайды, — деді Төкежанов.

Оның айтуынша, шұғыл көмек көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғаныс құралдарына кететін шығын көлемі орта есеппен 40 пайызға өскен.


Қордың қосымша жоспарланған қаржыландыру көлемінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге бағытталады. Қазірдің өзінде емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан үш мыңнан астам осындай бригада құрылды, — деді ол.