Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, АҚШ президенті Дональд Трамп осы дәріні қолданып көруге кеңес берген.
"Хлорохин" препаратын сынақтан өткізуге 81 адам қатысқан. Олардың жартысынан көбі бұл дәріні 600 миллиграм мөлшерінде қабылдаған. Ал қалғандары күнделікті норма — 450 миллиграм қабылдаған. Үш күннен соң зерттеушілер дәріні көп мөлшерде қабылдағандарда аритмия пайда болғанын байқаған. Ал зерттеудің алтыншы күні 11 науқас қайтыс болған. Осыдан кейін зерттеу тоқтатылған.
Мұның алдында Дональд Трамп осы препараттың коронавируспен күресуде тиімді екенін бірнеше рет айтқан болатын.