Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1900 науқас жатыр. 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 104 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", — делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 107 262-ге жетті.