Коронавирустан көз жұмғандардың саны нақты емес - шетелдік мамандар. - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустан көз жұмғандардың саны нақты емес - шетелдік мамандар.

Коронавирустан көз жұмғандардың саны нақты емес - шетелдік мамандар.

Австралияның Мельбурн университетінің ғалымдары қазіргі таңда коронавирустан көз жұмғандардың саны нақты еместігін айтты.

  • 3 Наурыз 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілердің мәлімдеуінше, Қытайда және басқа жақтарда ауру жұқтырғандардың екіден үші байқаусыз қалған. Сол себепті сырқаттан көз жұмғандардың дұрыс санын анықтау мүмкін емес екен.

Кейбір мамандар науқастардың саны ресми деректерден көп екендігін алға тартып отыр. Сөздерінше, кейбір адамдардың бойынан аурудың белгілері жиі байқала бермейді. Ал індеттің кесірінен бақилық болғандардың саны үш есе көп болуы ғажап емес. Ресми көрсеткіштердің  айтылған өлім деңгейі науқастардың екі пайызынан кем болуы ақылға қонымсыз дейді сарапшылар. 

Статистикалық зерттеулерге сәйкес, ақпанның ортасына таман 44 700 ауруды жұқтырған адам анықталған. Олардың 80%-ы 60 жастан, 50%-ы 70-тен асқандар көрінеді. Италияда да қайтыс болғандардың көбі егде жастағы азаматтар. Ресми ақпарат бойынша аурудың өлім көрсеткіші 3,4%-ды құрайды.

Жастардың арасында ауруға шалдыққандар саны өте төмен екен. Ал балалардың арасында ауру, тіпті, өте сирек кездеседі: коронавирус байқалмайтыны соншалық — дәрігерлер балаларға сараптама жасамайтын көрінеді. Ғалымдар бұл жағдайға түсініспеушілік білдіруде. Олардың айтуларынша, негізінен жас балалар ауруды тез жұқтыруға бейім келеді. Бұл феноменнің себебін анықтайтын боламыз дейді мамандар.