Коронавирусты жасаған біз емес - Ухан вирусология институты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирусты жасаған біз емес - Ухан вирусология институты

Коронавирусты жасаған біз емес - Ухан вирусология институты

Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған.

  • 22 Шiлде 2021
  • 207
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ухан ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, институттың ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухан вирусология институты COVID-19-ды зерттемеген. Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Үшіншіден, институттың бірде-бір қызметкері мен студенті осы күнге дейін COVID-19 жұқтырмады", — деді Юань Чжимин брифингте.

Ол бүгінде вирустың қолдан жасалып не зертханадан тарағанына қатысты бірде-бір дәлел жоғын атап өтті.

"Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар. Сарапшылар бүгінде вирустың жасанды жолмен өндіріліп не зертханадан тарағанына қатысты дәлел жоқ екені туралы мәлімдемелер жасады", — дейді Юань Чжимин.


Еске салайық, коронавирус тарай бастағаннан бері түрлі БАҚ-та вирус Ухандағы вирусология институтынан тарап кеткен болуы мүмкін екені туралы жазылған болатын. Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Ухан вирусология институтына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.

Соңғы жаңалықтар