Көршісін тонамақ болып шөпке от қойған тұрғын құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көршісін тонамақ болып шөпке от қойған тұрғын құрықталды

Көршісін тонамақ болып шөпке от қойған тұрғын құрықталды

Қостанай облысы Жітіқара ауанының Пригородный ауылында ұрлық жасамақ оймен көршісінің ат қорасы мен шөбіне от қойған тұрғын құрықталды.

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz


Облыстық полиция таратқан хабарламаға сүйенсек, ауыл тұрғыны жексенбі күні үйілген шөп пен қораға от қойған. Көршілер өртті сөндіруге шыққан бойда 78 жастағы зейнеткердің үйіне ұрланып кіріп, кейуанадан ақша талап ете бастаған көрінеді.
Әжей үйден қашып шығып көршілерді көмекке шақырып үлгеріпті.
Күдікті өртті көршілердің назарын аудару үшін ұйымдастырғанын мойындады.
Аталған факті бойынша екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.
Қора мен шөптің иесіне 700 мың теңге шығын келтірілді.

Соңғы жаңалықтар