Көршісіне былапыт сөздер айтқан ОҚО тұрғыны 3 тәулікке қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көршісіне былапыт сөздер айтқан ОҚО тұрғыны 3 тәулікке қамалды

Көршісіне былапыт сөздер айтқан ОҚО тұрғыны 3 тәулікке қамалды

Көршісіне былапыт сөздер айтқан ОҚО тұрғыны 3 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен.

  • 15 Қыркүйек 2015
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Қазығұрт аудандық сотында  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434- бабы 2-бөлігінде көрсетілген іс қаралды.

Іс бойынша, құқық бұзушы С.С. бұрын Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін 3 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5 556 теңге  айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығына қарамастан, көршісі У.Е.-ге ар-намысына тиетін сөздер айтып, былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртіпті бір жыл ішінде қайталап бұзған.

Қазығұрт аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол  осы баппен 3 (үш) тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды», — деп жазылған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар