Көше бойларында ломбард қаптады: Халықтың әл-ауқаты қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көше бойларында ломбард қаптады: Халықтың әл-ауқаты қандай?

Көше бойларында ломбард қаптады: Халықтың әл-ауқаты қандай?

Елімізде кейінгі уақытта ломбард ашып, бизнес жүргізу көптеп белең алды.

  • 16 Қараша 2018
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай орталықты тіркеу үшін көп құжаттың қажеті жоқ. Нарыққа бір қарап, кәсіпкер пайыздық үстемақыны өзі қояды. Әрі қарай, жарқыратып жарнама жасаса болды. Жарықты көрген көбелектей көпшілік алтыны мен тон-ішігін алып өзі-ақ ағылады. Бұл бизнестің біз білмейтін қандай көлеңкелі тұстары бар? Депутаттарды мазалаған нендей түйткіл? 

«Ломбард, ломбард, ломбард. Астанадағы біз жүрген бір көшенің бойында нақты қандай ломбардтың бар екенін кесіп айту қиын. Анығы мынау. Көшені былай қойғанда бір тұрғын үйдің астында үш бірдей бағалы заттар мен қымбат бұйымдарды қабылдайтын орталық жұмыс істеп тұр».

Астана көшелерін аралап көрдік. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған ломбард. Солардың біріне бас сұқтық. Иесі Сәнбідек Дүйсенбековтің серіктестерімен аталған бизнесте жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Бүгінде еліміздің 4 қаласынан бөлімше ашыпты. Бұған қоса елордада 4 орталықтары жұмыс істеп тұр. Күніне кемі 30-40 адам келеді екен. «Құжатымыз дұрыс, ұрланған дүниелерді қабылдайтын әдетіміз жоқ» деп сендірді.

«Ішкі істер басқармаларымен жұмыс жасаймыз. Әрбір районда қандай обьект тіркелген сол бойынша. ІІБ арнайы хаттамалар жібереді. Ұрланған, ұрлайтын адамдардың тізімін жібереді. Сол бойынша біз филиалдарға жібереміз. Бізге адам келгенде сол тізімнен өтеді. Содан кейін барып қаралады» — ломбард директоры Сәндібек Дүйсенбеков.

Сонда ұрланған тауарлар қайда өткізіледі? Кәсіпкер былай түсіндірді. Бүгін ашылып, ертең жоқ болатын күмәнді ломбардтар, базар маңындағы кішкентай дүңгіршектер ұры-қарылардың негізгі нүктелері болуы мүмкін. Ал, біз жолықтырған тұрғындар болса «ломбард казино сияқты, олар ешқашан ұтылмайды» деген пікірде.

«Халықтың жағдайы қысылғаннан кейін амал жоқ ақшалары жетпейді, зартплата аз, жұмыс жоқ. Аз болса да салады тапқан таянғанын. Бұл ақша табудың ломбардтықтар үшін ең жақсы жолы. Ашып жатыр. Ломбрадтан көп нәрсе жоқ».

«Қазір адамдарда ақша-ақша дейді ғой. Жұмыс табылмай, кейде болмай жатады. Сол кезде қысылғаннан амал жоқтан өткізеді».

Қазіргі ломбардтардың қызмет аясы кеңіген. Зергерлік бұйымдардан бастап, көлікке дейін қабылдайды. Осы ретте заңгер Жандос Тұяқов әрбір тауарға, әсіресе алтынға сатыларда қосымша құжат берілсе қадағалаудың машатақаты азаятынын айтады.

«Қазіргі жағдайдың өзінде көбіне құжат талап етілмейді алтынға. Аса бір қымбат коллекциялық бұйымдарға ғана беріліп отырады. Сондықтан сол бұйымдардың құжаттары бар. Енді біз ломбардтың жұмысын, механизмін реттеу үшін бірінші біз сатылып жатқан алтындарға оның өзіне тән белгілі, құжатын, иесін толтырып отырсақ онда ломбардтқа жұмыс жасау оңай болады және ломбардқа сондай талап қою керек» — дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Ломбард ашу үшін құшақ-құшақ құжат жинаудың қажеті шамалы. Мұны кәсіпкерлер мойындап отыр. Ең бастысы бұл бизнесті ұстап тұру. Сондықтан ұрланған затты қабылдайтын орталықтарды тыю үшін жауапкершілікті арттыру керек деген ойлар да айтылды.



«Заңсыз ашылған кәсіпкерлікпен айналысатын ломбард сияқты мекелер ашылатын болса меніңше бұл дұрыс емес. Бұған үлкен тыйым салу керек. Құзырлы құқық қорғау органдары, лицензия беретін арнайы мемлекеттік органға жауапкершілікке тартылуы керек, тек қана берілген адам емес, берген адамды да жауапкершілікке тарту керек» — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен.

Тиынның екі жағы бар. Аталған тақырыпты талқылай отырып, тағы бір мәселенің күрделенгенін байқадық. Халықтың өмір сүру деңгейі төмендеген. «Егер ел азаматтары жалақыға дейін ақшасын жеткізе алмай, үстіндегі киімінен бастап, таққан бұйымына дейін апарып өткізетін болса бұл ойланатын проблема» -дейді Ирина Смирнова.

«Егер ломбард зат өткізіп жатқан адамнан құжат талап етіп, бұл дүниені қайдан алдың деп сұрамаса, ұрланған бұйымдарды қабылдай беруі әбден мүмкін. Осы арқылы қылмыстың саны артады. Бірінші кезекте үкімет бұған назар аударуы керек. Себебі, елімізде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетті. Ал Ішкі істер министрлігі ұрлық тура көз алдында жасалып жатқан жоқ па? Осыны анықтауы тиіс» — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова.

«Анықтау керек, реттеген дұрыс, қайта қарап шыққан артық болмайды». Көбіне еститініміз осы. «Бұл іспен басқа біреу айналысса, тек қана мен емес» дегеннің керісі. Жауапты органдар көлеңкелі бизнеспен, ұрлықпен күресіп жүргенде күніне мың тауарды қабылдап, қайта сатып жатқан ломбардтарды ұмытып кетпесе болғаны.