Көше жағалаған кезбелерге қол ұшын созатын қызмет пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көше жағалаған кезбелерге қол ұшын созатын қызмет пайда болды

Көше жағалаған кезбелерге қол ұшын созатын қызмет пайда болды

Павлодарлық қаңғыбастар бұдан былай жедел жәрдемнің көмегіне жүгіне алатын болды. Бүгін қалада көше кезіп, күн көретіндерге қызмет көрсетіліп жатыр. Арнайы бейімдеу орталығымен жасақталған әлеуметтік патруль қаланың қалтарыстарынан суық түссе сорлап қалатындарды сабылып іздестіруде. Қазірдің өзінде бұл қызметтің пайдасын көріп жатқандар көп. Тек олардың қабылдайтын бейімдеу орталығы 100-ақ орынға шақталыпты.

  • 14 Қараша 2013
  • 307
Фото - Caravan.kz

Тағдыр тәлкегіне ұшырап, жігері құм болғандардың өткенін айтып тауысу қиын. Бірі кезіндегі зауыт жұмысшысы, енді бірі ауылдан келген. Іштегісін жеткізе алмағанымен, мұндағылардың мұңы ортақ. Барлығы орталыққа орналастырғандарға жаппай алғыс айтып жатыр.

Руслан Тікешов:

— Үш ай болды мында келгеніме. Мына машинамен алып келді мені. Жақсы мында. Иә, этот, нені неткенде, далада қайтыс болушы едім.

Барар жер, басар тауы жоқ кезбелер үшін бұл көлік жедел жәрдем іспетті. Жыл басынан бері бейімдеу орталығына көшеде бүрісіп жатқан жерінен шамамен 80 адам жеткізілген. Ал, облыс бойынша тіркелген қаңғыбастардың саны 500-ге жуықтайды.

Көбінің құжаты дер кезінде реттелмеген. Бұл осындағы барлық қаңғыбастың ортақ бас қайғысы болып шықты. Жылдар бойы тіркеуден өте алмаған олар қағаз жүзінде Кеңес заманында қалып қойған. Арнайы мекеме осындай көмекке мұқтаж жандардың жыл сайын 300-ден астамын қабылдайды екен. Әйткенмен, лас тірлікке еті үйреніп, тегін көмектен бас тартқандары да жетерлік.


Руслан Байтілеуов, Бейімдеу орталығының директоры:

— Аптасына 15-20 қаңғыбас осында келеді. Ал, келмейтіндер де бар оның ішінде. Бір 10 шақтысы келмейді. Сол өздерінің үйренген қалпында өмір сүреміз. Ол кісілерге біз сырттай көмек көрсетеміз.

Нәпақасын көшеден тауып жүрген кейбір қаңғыбастар арнайы патруль қызметін мүлде естімеген. Табылғандары тосын сыйға сене алар емес. Жылу құбырларын жылы төсекке алмастырып үлгергендердің енді орталықтан кеткісі жоқ. Тек мекемедегі орын шектеулі екен. Небары 100 адамға ғана шақталған.