Көшеде үлкен дәретке отырған полицейді видеоға түсірген әріптесі де жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көшеде үлкен дәретке отырған полицейді видеоға түсірген әріптесі де жұмыстан қуылды

Көшеде үлкен дәретке отырған полицейді видеоға түсірген әріптесі де жұмыстан қуылды

Полицейдің далада үлкен дәретке отырғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын

  • 23 Қараша 2017
  • 484
Фото - Caravan.kz

Далада үлкен дәретке отырған полицей де, оны видеоға түсіріп алған әріптесі де жұмыстан қуылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров хабарлады. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полицей формасын киген ер адам дәретхана ретінде қоғамдық орынды пайдаланғаны түсірілген видео тараған болатын. Видеоны қасында бірге жүрген қызметкер түсіріп, желіге таратып жібергені белгілі болды. Кейін ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі видеодағы адамның Қарағанды қаласы ІІБ жол-патрульдік полициясы полкінің полицейі екенін хабарлады. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде екі полицей де жазаланған. 

"Видеодағы полицей де, оны түсірген әріптесі де жұмыстан шығарылды", — деді Құдияров. 


Соңғы жаңалықтар