Көші-қон және демографиялық мәселелер жөніндегі үкіметтік комиссия 2003-жылғы оралмандарды қабылдау жұмыстарын қорытындылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көші-қон және демографиялық мәселелер жөніндегі үкіметтік комиссия 2003-жылғы оралмандарды қабылдау жұмыстарын қорытындылады

Көші-қон және демографиялық мәселелер жөніндегі үкіметтік комиссия 2003-жылғы оралмандарды қабылдау жұмыстарын қорытындылады

Кеше, 17-наурызда Астанада ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Көші-қон және демографиялық мәселелер жөнінде ұсыныстар дайындаушы үкіметтік комиссияның алғашқы мәжілісі өтіп, онда 2003-жылғы оралмандарды қабылдау жұмыстары қорытындыланып, Елбасының "2004-жылғы көші-қон квотасы туралы" Жарлығын жүзеге асыруға бағытталған шаралар дәйектелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2004
  • 1567
Фото - Caravan.kz

Отырыста аймақ басшыларының барлығы бірдей репатрианттарға жағдай жасауға құлшынбайтындығы айтылды. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалалары оралмандарды қабылдау және оларды орналастыру жұмысында кемшіліктерге жол бергені анықталып отыр.

Кеңесте оралмандарды жұмысқа қамту мәселесіне баса назар аударылды. Комиссия мәліметтері бойынша, оралмандар арасында жұмысыздар ең көп тіркелген аймақтар қатарында Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі проблеманың үлкені болып тұр. Комиссия мүшелері осы орайда биылдан бастап оралман отбасының әрбір мүшесіне шаққан белгілі мөлшердегі қаржыны оралмандардың жеке есепшоттарына аудару туралы шешім қабылданғанын еске салды. Отырыста атап көрсетілгеніндей, бұл принцип оралмандар үшін біркелкі жағдай туғызып, оларды көбінесе ауылдық жерлерді мекенденуге ынталандырады. Бұл орайда мекеме қажеттігіне арнап үнемделген қаржыны да әжетке жарату тетіктері қарастырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшыларына кемшіліктерді жою туралы нақты тапсырмалар берілді. Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, ендігі жерде оралмандар проблемасын аталмыш комиссия әрбір тоқсан сайын қарап отырады.
1993-жылдан бері елімізге 74 мың 592 оралман отбасы немесе 293 мың 203 адам көшіп келген. Олардың арасынан 40 мың 435 отбасы немесе 115 мың 895 адам көші-қон квотасы бойынша қоныс аударған. Ал қазір тағы да 50 мың отбасы тарихи отанға оралуға ниет білдіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар