Бұл туралы Қырғыз Республикасы Үкімет жанындағы Жастар ісі, дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Салбурын — саят құсы мен тазы ит және садақтан мергендік сыналатын кешенді аңшылық өнері.
Құс салудың бірнеше түрінен бес елден келген саятшылар шеберлік сынасты.
Жарысқа Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Өзбекстан және Италиядан: бүркіт салуға 14 спортшы және құсқа тапсырма орындатудан (Далба ойнату) 8 саятшы қатысты.
Жарыс нәтижесі:
Бүркіт салу:
1 орын — Айбек Сағынбаев — Қырғызстан
2 орын — Чынгыз Дыйканов — Қырғызстан
3 орын — Жалғас Әкімбеков — Қазақстан
Далба ойнату — бүркітке бұйрық орындату шеберлігі:
1 орын — Мирлан Калилов — орын Қырғызстан
2 орын — Нурсейит Бейшебаев — Қырғызстан
3 орын — Ринат Масалбеков — Қырғызстан