"Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері 2005-жылғы жазда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері 2005-жылғы жазда өтеді

"Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері 2005-жылғы жазда өтеді

"Көшпенділер" фильмінің тұсаукесері 2005-жылғы шілде айына межеленіп отыр. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда "Қазақстан Республикасында мәдениетті дамыту және сақтап қалуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 1970
Фото - Caravan.kz

Е.Қосубаевтың хабарлауынша, әлемдегі ірі кинокомпаниялардың біріне саналатын «MIRAMAX» «Көшпенділер» фильмін көрсету құқығын сатып алды. Министрдің пікірінше, режиссерлік жұмыстар мен әртістердің ролімен бірге Қазақстандық фильмнің әлемдік деңгейге шығуы «қазақ халқының болмыс-бітімі мен жан -дүниесін, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетін әлем халқына танытуға» мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, екі сериямен түсірілген «Көшпенділер» фильмінің бюджеті 24 млн. долларды құрайды. Фильмді түсіру жұмысына еліміздің ең танымал кино түсірушілері мен АҚШ және Еуропалық киношылар жұмылдырылды. 500 адамнан тұратын түсірушілер тобының 100 адамы шетелдік мамандар.
Е.Қосубаевтың айтуынша, қазір елімізде Олжас Сүлейменовтың сценарийі бойынша «Қызыл жусан. Махамбет» атты дастан сипатындағы шығарма ізімен жоғарыдағы сияқты жобаны жүзеге асыру жұмыстары қолға алынып отыр.
Е.Қосубаев кино саласында оңды өзгерістер байқала бастағанын атап өтті. «2000-2004-жылдар аралығында елімізде түрлі жанрдағы 34 көркем фильм түсірілді, соның ішінде 21 фильм ұлттық «Қазақфильм» кинокомпаниясының, 13 фильм тәуелсіз кинотүсірушілердің туындысы».
Осы 4 жылда қазақстандық 11 фильм Еуропа мен Азиядағы халықаралық кинофестивальдарда марапатталды. Министрлің пікірінше, киноөндірісі саласындағы тұрақтылық факторы бойынша қазақ киносы ТМД аясында Ресей мен Украинадан кейінгі орында. «Ал түрлі фестивальдардағы жеңістерінің санымен айшықталатын көркемдік нәтижесіне қарай олардан тіпті алда деуге болады».
Дегенмен ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Қазақстандағы кинотүсіру саласының болашағын электронды киноның дамуымен тығыз байланыстырады. Оның пікірінше, «электронды кино таяу болашақта экономикалық тиімділігі жоғары шынайы өнеркәсіп пен мәдениет саласына айналады».