Полиция ақпаратына сәйкес, жол апаты бүгін, 13-қыркүйекте таңертеңгі сағат 8-де Алматы-Өскемен тас жолының 82-шақырымында болған. Кино түсірушілер тобы келе жатқан «Мицубиси Делика» микроавтобусы «Мазда» жеңіл автокөлігімен соқтығысып қалған.
Жол апатынан , болжам бойынша, топтың бір мүшесі қаза тауып, тағы екі маман — Франция азаматтары Қапшағай жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған.
Оқыс оқиға болған жерде жол полициясының шұғыл тобы жұмыс істеуде.