Қазіргі жағдаймен монтаждау және қазақ тіліндегі мәтіндік жұмыстар аяқталды. «Бүгінде фильмді дыбыстық өңдеу, музыкасын жазу жұмыстары басталды. Жобаның кезекті сатысында туындыны қайталап таспаға түсіріп, оны параллель дубляждау жұмыстары жүзеге асырылады»,- деді «Қазақфильм» Ұлттық компаниясының бас директоры.
Жобаны жүзеге асыруға 34 млн. доллар бөлінді, алайда, «американдық мамандардың бағалауынша, бұл туындының нақты құны 110 млн. доллар тұрады»,- деді баспасөз мәслихатына қатысушылар.
Жоспар бойынша «Көшпенділер» ұлттық киножобасын түсіру жұмыстары 2005-жылдың шілде айында аяқталып, прокатқа шығарылуы тиіс болатын. Фильм қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығады.
«Көшпенділер» ұлттық киножобасын қазірдің өзінде Еуропаның көптеген елдері сатып алған. Ал қазір Ресей және АҚШ елдерімен келіссөздер жүргізілуде.