Көшпенділердің мұрасын зерттейтін жаңа Мәдениет институты құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көшпенділердің мұрасын зерттейтін жаңа Мәдениет институты құрылды

Көшпенділердің мұрасын зерттейтін жаңа Мәдениет институты құрылды

Алматыда 30 қараша күні Достық үйінде «Тарихи-мәдени мұра және замануи мәдениет» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

  • 29 Қараша 2012
  • 356
Фото - Caravan.kz


Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырып отыр. Бұл шара Көшпенділердің мәдени мұрасы институты жүргізген ғылыми зерттеулердің қорытындысын көпшілікке ұсынуға әрі жаңа Мәдениет институтының тұсаукесеріне арналады. Семинар барысында қазіргі Қазақстан аймағынан алғаш табылған тәңірлік белгі — Ұмай ана бейнесі (шамамен б.э. VII ғ. аяғына сәйкес келеді) туралы қазақстандық ғалымдардың сенсациялық жаңалығы жарияланады. Оған көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан елдерінің белгілі ғалымдары, және Астана мен Алматыдағы жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарынан беделді ғалымдар қатысады. Семинар жұмысы «Орталық Азия елдері мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: материалдық мәдени мұра; Орталық Азия елдері мен Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: материалдық емес мәдени мұра; Орталық Азия мен Қазақстанның заманауи мәдениеті және медиатану мәселелері деген секциялар бойынша жүрмек.