Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудандардың бас имамдары бас қосқан жиын өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қостанай облыстық мешітіне сілтеме жасап.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уалиев тағайындалды. Ол бұған дейін Қостанай қалалық «Марал Ишан» мешітінің имамы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық Дін істер басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының бұрынға бас имамы Бахытбек Тәжімбет Бурабайда мас күйінде көлік жүргізген жерінен ұсталып, он бес тәулікке қамауға алынған еді. Олан бөлек көлік жүргізу куәлігінен де айырылды.