Бұл туралы бүгін ҚР Төтегше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы.
«Бүгін түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді» , -делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлік сүйреп шығарылғандығы айтылған.
«Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ», — деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.