Қостанайда аумағы 43 гектардан асатын эко-саябақ салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда аумағы 43 гектардан асатын эко-саябақ салынады

Қостанайда аумағы 43 гектардан асатын эко-саябақ салынады

Жаңа саябақтың сызбасы дайын.

  • 12 Сәуiр
  • 2
Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қостанай облысында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заманауи демалыс аймағы мен көпфункционалды стадион бой көтереді. Жаңа эко саябақтың аумағы 43,8 гектар болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Жаңа саябақтың сызбасы дайын. Онда тұрғындардың сапалы демалуы үшін барлық жағдай жасалмақ. 

Инфраструктураның негізгі нысандары:

  • Ұзындығы 2,5 шақырым болатын жүгіру және веложолдар;
  • Футбол және волейбол алаңдары;
  • Заманауи балалар ойын алаңы;
  • «Астана» шағын ауданымен байланыстыратын жерасты өткелі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен жаңа стадионның алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Бұл нысан триатлон-паркпен бірлесе отырып, қаланың ең ірі демалыс орны болады. Стадионда бес жүгіру жолы, жеңіл атлетика және секіру секторы болады.

«Тұрғындар үшін демалыс орындары көп болуы тиіс. Биыл өңірде 77 мыңнан астам көшет егіледі, ал мамыр айында жұмыс қыза түседі. Сонымен қатар 37 үйдің қасбеті жөнделіп, 31 балалар алаңы орнатылады», — деді өңір басшысы.

Республикалық экологиялық акция аясында Қостанай облысында ауқымды жұмыс атқарылды. 

Соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштер:

1. 2025 жылы жоспарланған 105 мың көшеттің орнына 143,9 мың түп ағаш егілді (жоспар 136,5% орындалды).

2. 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 600 заңсыз қоқыс полигоны жойылды.

3. Көшелерді жарықтандыру деңгейі 82%-дан 94% дейін өсті.