Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған күдікті ұсталды

Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлаған күдікті ұсталды

Қостанайда мешіттен сырт киім ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

  • 28 Қаңтар
  • 8
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы «Марал Ишан» қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықтап, ұстады.

Белгілі болғандай, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам осы сәтті пайдаланып, өзгенің киімін ұрлап кеткен. Оның айтуынша, өзінің сырт киімі жұқа болғандықтан, ол басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.