Қостанайдағы жаңа ерте араласу орталығы: Балалардың сапалы түрде оңалуына қадам - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы жаңа ерте араласу орталығы: Балалардың сапалы түрде оңалуына қадам

Қостанайдағы жаңа ерте араласу орталығы: Балалардың сапалы түрде оңалуына қадам

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қостанай қаласының облыстық балалар ауруханасында ерте араласу бөлімшесі салтанатты түрде ашылды.

  • 5 Маусым
  • 5
Фото - Caravan.kz

Ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директоры Альфия Адиева, «Қазақстан халқына» ҚҚ бағдарламаларды басқару орталығының жетекшісі Гүлзия Бидатова және «Қамқорлық қорының» директоры Арайлым Еркінова қатысты.

Орталық 3 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық бұзылысы әрі  олардың туындау қаупі бар балаларға көмек көрсету мақсатында құрылған және күндізгі стационар форматында 50 адамды қабылдай алады. Жалпы, бір жылда орталық 600-ге жуық баланы қабылдайды. «Қамқорлық» ерте араласу орталығында заманауи оңалту көмегін алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға невропатологтың кеңесіне жүгіну қажет.

Балалармен жұмыс істеу үшін невропатолог-дәрігерлер, реабилитолог-дәрігерлер, ЕДШ нұсқаушылары, логопедтер, дефектологтар мен психологтардан тұратын көпсалалы мамандар дайындалды. Мамандар бірнеше кезең бойынша біліктілігін арттырады.

««Қамқорлық» орталығында «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының қолдауымен АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның жетекші өндірушілерінің бірегей медициналық жабдықтары орнатылды. Мұнда оңалту және диагностика қоюға арналған вертикализаторлар, Rifton тренажерлары, «Головастик», «Кузнечик» төсемдері, «Атлант» костюмдері, иммерсиялық ванна, сенсорлы, шунгитті және тұзды бөлмелер, аудиометриялық модуль, ЭЭГ аппараты және т.б. бар.

— Қазір Қазақстанда ҚР Үкіметі, өңірлердің әкімдіктері, «Қазақстан халқына» қоры, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сынды жоба серіктестерімен бірлесіп, 17 мемлекеттік ерте араласу орталығы ашылды. Биыл тағы 3 орталық ашу жоспарланып отыр. 20 ерте араласу орталығы жыл сайын шамамен 12000 баланы оңалтады», — дейді «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.