"Қостанайдан әскерге бірде-бір адам бармаған жылдар бар": Солтүстіктегі қазақ жастары әскерге неге аз барады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қостанайдан әскерге бірде-бір адам бармаған жылдар бар": Солтүстіктегі қазақ жастары әскерге неге аз барады

"Қостанайдан әскерге бірде-бір адам бармаған жылдар бар": Солтүстіктегі қазақ жастары әскерге неге аз барады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым еліміздің солтүстік өңірінде әскерге баратын азаматтар жоқтың қасы екенін мәлімдеді.

  • 6 Мамыр
  • 57
Фото: видеодан алынған кадр

Бұл туралы ол Abay Live You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Депутаттың сөзіне сенсек, әскерге азаматтар елдің санаулы аймағынан ғана алынатын көрінеді.

«Әскердегі өлім өкінішке орай, Израиль, АҚШ, Германия секілді ең жақсы армияларда да бар. Оны 0-ге дейін түсіру мүмкін емес. Әскерді желкелеп жатқан Президент, депутат, қоғам бар. Олар да адам, олардың да туыстары бар. Олар да жақсы болғысы келеді. Олар да әскерге адам іздеуге құштар. Бізде жақсы әскери колледждер мен институттар бар. Жылына қаншама адамды оқытып шығарады. Мен жақында арнайы солардың соңғы бірнеше жылдағы деректерін сұратып, қарап шықтым. Сөйтсем, бізде әскерге 4-5 аймақтың адамдары ғана барады екен. Сонда қалған жұртқа, еліміз не болып бара жатыр, ертең соғыс болады деп зарлап жүрген ата-анаға, олардың балаларына отан керегі жоқ па?! Негізінен әскерге Алматы, Жетісу, Жамбыл, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды аймақтарынан барады. Менің қолымда барлық оқу орнының деректері жоқ. Бірақ қолдағы ақпарат бойынша, мысалы, Қостанайдан бірде-бір адам бармаған жылдар бар. Қауіпті статистика, сондықтан біз қазір талаптарды күшейтіп жатырмыз», — дейді ол.