Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның айтуынша, отбасылық өмірде әйелдерге күйеуінің қолдауы маңызды екен.
«Менің күйеуім осындай болмаса, мен мұндай дәрежеге жете алмайтын едім. Әйелінің қазақ қоғамында оқуын қолдау үшін, өзінің жұмысын тастап, хирург-травматолог жұмысын тоқтата тұрып, кету — кез келген ер адамның қолынан келмейді және әйелінің осындай дәрежесі мен амбициясын көтере алу ол ер адамның мықтылығы мен өзіне деген сенімділігін көрсетеді.
Көбісі көтеріліп келе жатқан әйелді үйден сындырады, көп әйел үйден сынады. Адамның түрінен көрініп тұрады, бақытты екені, күйеуінен көп қолдау алатыны, оны жақсы көретін әйел шынымен де сенімді болады.
Ештеңе қарамайды да, тыңдамайды біреу не айтып жатқанын. Оны себебі күйеуі қолдап отыр. Ал егер бүкіл әлем сені «молодец» деп, Алла сақтасын, мен соны сезінбегеніме қуанамын. Күйеуің, ең жақын адамың «сен ондай емессің» десе, әйелдің өзіне деген сенімділігі сынады деп ойлаймын, маған сенімділіті беретін, көмектесетін де күйеуім», — деп жауап берді ол.