Ковалев пен Альварестің қарашадағы жекпе-жектен алатын табыстары белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ковалев пен Альварестің қарашадағы жекпе-жектен алатын табыстары белгілі болды

Ковалев пен Альварестің қарашадағы жекпе-жектен алатын табыстары белгілі болды

Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) 2 қараша күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында жұдырықтасатын боксышылардың сыйақылары көлемін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe.com порталына сілтеме жасап

  • 1 Қараша 2019
  • 81
Фото - Caravan.kz


Бокс кешінің негізгі кездесуі ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес арасында өтеді. Бәске жартылай ауыр салмақ бойынша WBO чемпиондық атағы қойылады.

Ковалев 3 миллион доллар алса, Альварес 35 миллион долларға ие болмақ.

Ковалев – Альварес кездесуінің андеркардында Кристиан Оливаспен жұдырықтасатын  қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов 12,5 мың АҚШ долларына ие болса, қарсыласы 12 мың алатын көрінеді. Қос боксшы WBC (USNBC) тұжырымы бойынша АҚШ чемпионы атағына таласады.