Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әншінің администраторының айтуынша, ол тұрғын үйдегі лифтте орын алған техникалық ақаудан ауыр жарақат алған.
“1 апта бұрын (25. 06 2025) Жолдасбек Абдиханов отбасы үшін күтпеген ауыр жағдай болды. Көпқабатты үйдің лифті кенеттен техникалық ақауға байланысты тоқтап, қатты сілкініс болған. Бір сәттік соққыдан мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Алғашқы диагноз – омыртқа-аралық дискі қозғалысы, жүйке қысылуы, мойын-бел жарақаты. Бұл – жеңіл жарақат емес. Қозғала алмауы, бас айналуы, сөйлеу қиындықтары бар.
Қазір толық тыныштықта, арнайы аппаратпен емделіп жатыр. Дәрігерлер 4–6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеді.
Соған байланысты барлық шығармашылық жұмыстары уақытша тоқтатылды. Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет.
Жоспарланған, уәделескен жұмыстары тоқтап қалғаны үшін — баршаңыздан кешірім сұраймыз.
Админстратор: Әділет”, — делінген жазбада.
Еске сала кетейік, Жолдасбек Әбдіханов көпшілікке “Менің өмірім”, “Жүрегіңнің есігін аш-аш”, “”Менің әкем ең жақсы” әндері арқылы жақсы таныс.