«Көзі тірісінде адал ит түгіл адал адамдарының қадірін біліпті ме бұл қоғам?»: Атырауда су тасқыны кезінде адамдарға көмектескен итті әлдекімдер атып тастапты  - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көзі тірісінде адал ит түгіл адал адамдарының қадірін біліпті ме бұл қоғам?»: Атырауда су тасқыны кезінде адамдарға көмектескен итті әлдекімдер атып тастапты 

«Көзі тірісінде адал ит түгіл адал адамдарының қадірін біліпті ме бұл қоғам?»: Атырауда су тасқыны кезінде адамдарға көмектескен итті әлдекімдер атып тастапты 

Халыққа көмектесіп, қазақстың "Хатикосы" атанған итті әлдебіреулер өлімге қиды.

  • 4 Желтоқсан
  • 11
Фото: видеодан алынған

Пошан атты ит су тасқынында дорба-дорба құм тасып, елге сендерден артық пайдасы тиген еді. Қазақтың Хатикосын итатқыштар атып тастапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл оқиға халықтың ашуына тиді. Кино түсіруге тұрарлық кейіпкерді өлтіргендердің іс-әрекеті заңды ма?

Ауыл шаруашылығы басқармасы аталмыш оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

«2024 жылғы 28 қарашада Махамбет аудандық ветеринарлық станциясының ветеринарына тұрғындардың бірі ауласында бөтен үш иттің қараусыз жүргенін және үйіне кіре алмай тұрғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен мамандар иттерге ұйықтататын оқ атқан. Екі ит ұйықтатылды, үшіншісі өзенге қарай қашып, белгісіз жағдайда қаза болады.

Аудандық прокуратура мен полиция қызметкерлері ветеринарлық станция мамандарының әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң, тиісті шаралар қабылданады.

Айта кету керек, үй жануарларын ұстау және серуендету ережесіне сәйкес, ит иесі үй жануарын қоғамдық орында ұзындығы екі метрден аспайтын қарғыбауда серуендетуі керек. Иттерді еркін серуендету арнайы серуен орындарында немесе жаттығу алаңдарында ғана рұқсат етіледі», — делінген Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімінің жауабында. 

Қоғам белсенділері мен хадық жанашырлары ешкімге зияны тимеген, керісінше көмегі тиген жануарды атқандарды түсінбей, пікірлерін білдіре бастады.

«Қазақтың Хатикосын ит атқыш батыраш-қотыраштар атып тастапты, обал-ай. Атқыш болсаңдар, небір құтырған, қаңғыбас иттер жүр ғой, соларды атпайсыңдар ма? Біздің Құлагерде, тіпті, қаңғыбас иттің көптігінен дүкенге шығуға қорқатын болдық. Көзі тірісінде адал ит түгіл адал Адамдарының қадірін біліпті ме бұл қоғам?! Әйтпесе, расында, кино түсіретін кейіпкер еді», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.