"Көзімді жырып, қабағымды жарды": Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan ұшағында сұмдық жағдайға тап болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көзімді жырып, қабағымды жарды": Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan ұшағында сұмдық жағдайға тап болды

"Көзімді жырып, қабағымды жарды": Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan ұшағында сұмдық жағдайға тап болды

Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan компаниясының үстінен арыз жазды.

  • 14 Тамыз
  • 63
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мен FlyArystan үстінен арыз жаздым!

Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім.
Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл FlyArystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ.

Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!», — деп жазды журналист.

Желі қолданушылары аталған әуе компанияның қызмет көрсету деңгейі төмендеп кеткенін жарыса жазуда.

«Құдайдың бір суын бермейтін, оңбаған компания», «Барлық әуе компаниялары өте жауапсыз болып кеткен», «Өте нашар компания», «Келіп кешірім сұрап, жыл соңына дейін тегін ұшатын сертификат сыйлап, жуып-шайып кетеді олар», «Арыз жазып дұрыс істепсіз, әйтпесе біз сияқты қарапайым адамдарды менсінбейді», — деп жазды олар.