Айтуынша, Бишімбаев көзіне шөп салып, бар кінәні әйеліне жаппақ болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында айтты.
«Менің жасым мына жерде 31-де, Салтанат та тура осы жасында дүниеден өтті. Күйеуімнің «арқасында» менің өзіме деген сенімім жоғалып, өмірімнің қиын кезеңдерін бастан кешіріп жатқан уақытым. Бақытты өмірдің орнына, менің жаным жүдеп, бүкіл энергиям жоғалған кезең. «Үш баламен кімге керексің», «Жасың 30-ға келді, кәрісің», «Күйеуің көзіңе шөп салады, демек сен өзің кінәлісің», «Некені балалар үшін сақтап қалу керек» деген сөздерді күнде естимін. Сөйтіп жүріп өзіме деген сенімім әбден жоғалды. Көп жыл бойы мен өз-өзімді жеп келдім. Барлық кінәні өзімнен іздедім. Түрлі семинарларға барып, барлық сұрақтың жауабын табуға тырыстым. Қысқасы, егер еркек көзге шөп салса, кінә сенен емес, одан дегім келеді. Ол оның жеке басының мәселесі мен күнәсі, сенің емес. Осыны түсінгеннен кейін ғана менің өзіме деген сенімім оралып, өзімнің қаншалықты жақсы адам, мейірімді екеніме көзім жетті. Сондықтан алдымен өз-өздеріңізді қолға алыңыздар, себебі серіктесіңізді қаншалықты өзгертемін десеңі де, егер ол оны қаламаса, ол мүмкін емес… Менің оқиғам өзгелерге сабақ болады деп сенемін», — деп жазды ол.