КҚК I жарты жылдықта мұнай экспортын 4,4%-ға төмендетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КҚК I жарты жылдықта мұнай экспортын 4,4%-ға төмендетті

КҚК I жарты жылдықта мұнай экспортын 4,4%-ға төмендетті

Каспийқұбыры консорциумы (КҚК) I жарты жылдықта 16,35 млн тонна мұнай экспорттады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға аз, делінген КҚК ақпаратында.

  • 7 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес, маусым айында консорциум 2,59 млн тонна мұнай экспорттады, өткен жылдың сәйкес айында 2,66 млн тонна мұнай экспорттаған болады.

КҚК құбырдың құрылысы мен Қазақстан мұнайын Ресей аумағымен транзитпен экспорттау үшін құрылды. КҚК жалпы ұзындығы Қазақстанның батысындағы кен орындарын Қара теңіздің ресейлік жағалауымен қосатын 1 580 шақырымға жететін Теңіз- Тенгиз-Новороссийск құбырына иелік етеді. 2010 жылы КҚК-нің экспортқа мұнай айдау көлемі 1%-ға артып, 34,9 млн тоннаны құрады.

КҚК акционерлері: Ресей ( «Транснефть» – 24% және «КТК Компании» – 7%) – 31%; Қазақстан («ҚазМұнайГаз» – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%) – 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, LUKARCO B.V. — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company- 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, BG Overseas Holding Limited — 2%, Eni International N.A. N.V. 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.

Соңғы жаңалықтар