КҚК кеңейту жобасының ресми басталуының ашылуы Атырауда 1-ші шілдеде болады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КҚК кеңейту жобасының ресми басталуының ашылуы Атырауда 1-ші шілдеде болады

КҚК кеңейту жобасының ресми басталуының ашылуы Атырауда 1-ші шілдеде болады

1-ші шілдеде Атырауда Каспий Құбыры консорциумы (КҚК) құбырын кеңейту құрылыс жұмыстарының ресми басталуы өтеді, делінген «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ұлттық компаниясының хабарында.

  • 22 Маусым 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

Хабарда айтылғандай, іс-шараға Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрі С.Мыңбаев, Ресей Федерациясының энергетика министрі С.Шматко, КТК бас директоры Н.Платонов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының төрағасы Қ.Қабылдин, «Транснефть» АҚ ААҚ Басқармасының төрағасы Н.Токарев, аумақтарында КҚК жүйесінің мұнай құбыр нысандары орналасқан Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының профильді министрліктері мен ведомстволарының, өңірлері мен муниципалдық құрылымдарының басшылары, КҚК акционерлерінің, мердігерлік ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Бұрын хабарланғандай, 2010-шы жылы КҚК акционерлері құбырды кеңейту туралы шешім қабылдады. Құбырды кеңейту жұмыстарының белсенді кезеңінің басталуы 2011-ші жылдың маусым айына деп жоспарланған.

Құбырды кеңейту оның қуатын жылына 67 млн тонна мұнай тасымалдауға дейін көтереді. Кеңейту жобасы қолданыстағы мұнай айдайтын стансаларды жетілдіру мен қосымша тағы 10 станса салуды (2-еуі Қазақстан территориясында, 8-і Ресей территориясында), Новороссийск маңында қосымша 6мұнай қоймасын салуды, және КҚК-ның теңіз терминалында теңіздегі кеме тұратын үшінші орын салуды, сондай-ақ Қазақстан территориясындағы 88 км құбырды диаметрі үлкен құбырмен алмастыруды қарастырады.

КҚК қазақстандық мұнайды Ресей территориясы арқылы транзитпен тасымалдау үшін құбыр салу және оны келешекте пайдалану үшін құрылған. КҚК ұзындығы 1 580 км болатын Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының иесі. Құбыр Қазақстанның батысындағы мұнай кеніштерін ресейлік Қара теңіз жағалауымен байланыстырады. КҚК-мен мұнайды экспорттау көлемі 2010-шы жылы 1%-ға өсіп, 34,9 млн тоннаға жетті.

КҚК акционерлері: Ресей («Транснефть» арқылы- 24% және «КТККомпанияи» — 7%) 31%; Қазақстан («ҚазМұнайГаз» арқылы 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%) 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, LUKARCO B.V. — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company- 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, BG Overseas Holding Limited — 2%, Eni International N.A. N.V. — 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75%.

Соңғы жаңалықтар