Бұл туралы 2026 жылғы 3 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
ҚР ҰҚК таратқан ресми хабарламасында былай деп жазылған:
«2026 жылғы 2 ақпанда Алматы қаласында Шымкент бойынша ҚР ҰҚК Департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық орта өкілі «Т»-ны ұстады. Аталған тұлға аса ірі көлемде бопсалауға күдікке ілінді. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы іс аясында биылғы қаңтар айында Шымкентте оның екі серігіне қатысты заңсыз әрекеттердің жолы кесілді», – делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қосымша мәлімет ретінде алдын ала тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
«Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», – деп түйіндеді ҰҚК баспасөз қызметі.