Красногорск кентінің екі тұрғыны «Ұйқы ауруына» шалдықты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Красногорск кентінің екі тұрғыны «Ұйқы ауруына» шалдықты

Красногорск кентінің екі тұрғыны «Ұйқы ауруына» шалдықты

 Есіл аудандық ауруханасына Красногорск кентінен «Ұйқы ауруына» шалдыққан екі адам түсті.

  • 6 Қазан 2014
  • 244
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жолы ұйықтап кеткендердің бірі 8 жасар мектеп оқушысы болса, екіншісі — 1948 жылы туылған зейнеткер. Науқастардың екеуі де Красногорск кентінің тұрғындары. Екеуіне де дәрігерлер «белгісіз этиология негізіндегі энцефалопатия» деген диагноз қойып отыр. Қазіргі кезде науқастар дәрігерлер бақылауына алынып тиісті ем-дом қабылдап жатыр.