"Кредиті бар адамдарға арналады бұл әнім" - несиемен күн көретіндер туралы әдемі әзіл ән жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кредиті бар адамдарға арналады бұл әнім" - несиемен күн көретіндер туралы әдемі әзіл ән жарыққа шықты

"Кредиті бар адамдарға арналады бұл әнім" - несиемен күн көретіндер туралы әдемі әзіл ән жарыққа шықты

Несиесі бар адамдарға арналған шағын әзіл ән жарыққа шықты. Оған тіпті бейнеролик те түсірілген. Онда несиеге қымбат телефон алған адамның басынан өткен жағдайы қысқа ғана қалжыңмен баяндалады.

  • 10 Наурыз 2017
  • 3847
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. Ал әннің сөзі мынадай:

Айлық елу мың теңге,

Елден қалыспай мен де,

Сенсең де өзің біл, сенбе,

Айфон-7 алдым кредитке.

Таксиге мінуден қалдым,

Жауы болдым роллтон мен нанның.

Соткамды сындырып алдым

Байқамай.

Телефонды ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладым, 

Кредиті бар адамдарға арналады бұл әнім.

Ал бейнероликтің басында "Дастан Жайнақ" деген жазу шығады. Соған қарағанда, ән сөзінің авторы және орындаушы осы жігіт болса керек. Айтпақшы, бұл қалжың Қайрат Нұртас орындайтын "Жұбатуға арналады бұл әнімнің" әуенімен айтылады.